A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар қаласының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар қаласының мемлекеттік архиві» КММ
Атбасар қаласының мемлекеттік архиві қызметі туралы есеп 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

Жалпы ережелер   

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

"Атбасар қаласының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мекеме). Заңды мекенжайы 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Лука Белаш көшесі, 109В, байланыс телефоны 8 (71643) 2-55-05.

2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік архиві қызметі туралы есепте көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы мәліметтер енгізілген.                                              

2) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат

— Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: мемлекеттік архивтер 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді: "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру"

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара)/қағаз нысанда көрсетіледі.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің саны 712 құрады:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 36;
  • веб-портал арқылы www.e.gov.kz – 406; – Қызмет берушінің кеңсесі арқылы – 270.

Басқармада және мемлекеттік архивтерде «e-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы орнатылған.

 

Қызмет алушылармен жұмыс 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты басқарманың және мемлекеттік архивтердің стендтерінен алуға болады. Мемлекеттік архивтердің сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777. 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Басқарманың және мемлекеттік архивтердің қызметі туралы есептер мекеменың сайтында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады. 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2023 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша 8 іс – шара өткізілді:

1) семинар – кеңес және «дөңгелек үстел» – 4; 2) мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) қызметкерлерінің БАҚ-та мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сөз сөйлеуі – 4.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет 

1) 2023 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті орындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

2023 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 406 мемлекеттік қызметі көрсетілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2023 жылы мемлекеттік мұрағаттың 1 қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). 

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ. 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру. 

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде, оның ішінде қағазбастылық пен бюрократизм фактілерінің жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіби тәсілді қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкімет» порталын танымал ету үшін БАҚ, әлеуметтік желілер және т.б. арқылы халықты хабардар етуді жүргізу).

Комментарии







Очистить данные формы



Мақаланың шыққан күні: 29.02.2024 11:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.02.2024 11:51
Қаралым саны: 111

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар қаласының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: Атбасарский район, город Атбасар, ул. Лука Белаш, 109В н.п. 2
Телефон: 8-71643 2-55-05
Электрондық пошта адресі: arhiv_atbasar@aqmola.gov.kz
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»