A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар қаласының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар қаласының мемлекеттік архиві» КММ
Хабарландыру

Қазақстан Республикасының заңнамалық базасына сәйкес шаруашылық қызметтің барлық субъектілері, оның ішінде коммерциялық емес ұйымдар (ЖК, ТЖ, ЖШС, АҚ) заңмен регламенттелген уақыт ішінде кадрлық, бухгалтерлік, қаржылық және басқа да құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақтауға жататын құжаттар мұрағат қоймасына тапсырылады. Бұл кез — келген кәсіпорын үшін маңызды процедура. Құжаттарды мұрағатқа тұрақты сақтауға сәтті тапсыру үшін оларды дұрыс дайындау керек. Құжаттарды түрлері бойынша сұрыптау, оларды сақтау мерзімдерін ескере отырып топтастыру және маңызды емес қағаздарды жою уақытында артық заттардан арылуға және құжат айналымын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте Сіз кәсіпорынның үздіксіз және тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті аса маңызды ақпараттың сақталуына қамқорлық жасайсыз.

Атбасар қаласының мемлекеттік архиві:

Архив сақтауға құжаттарды қабылдаушы талаптарына сәйкес құжаттарды дайындау, өңдеу бойынша мұрағаттық жұмыстардың барлық түрлерін жүзеге асырады;

Құжаттарды тегін тексереді және архиві жұмыстарына нақты смета жасайды.

Құжаттарды өңдеу мәселелері бойынша. Сенім телефоны: 8 (716) 43-2-55-05; электрондық мекенжайы: Arhiv_atbasar@aqmola.gov.kz немесе мына мекен-жайға хабарласыңыз: Атбасар қаласы, Лука Белаш көшесі, 109 В 

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2024
Қаралым саны: 109

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар қаласының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: Атбасарский район, город Атбасар, ул. Лука Белаш, 109В н.п. 2
Телефон: 8-71643 2-55-05
Электрондық пошта адресі: arhiv_atbasar@aqmola.gov.kz
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»