AA

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар қаласының мемлекеттік архиві» КММ

Еңбекпен өткен өміз ғана ұрпаққа үлгі

Василий Григорьевич Самокишин 1927 жылы Атбасар ауданы Макеевка ауылында дүниеге келген. 1944 жылы Василий Григорьевич әскерге шақырылды, Вышничный Волочок қаласында орналасқан бронды жеке полкке кірді. Он жылдық қызметінде ол орта білім алды, танк мектебінде оқуды бітіріп, танк командирі болды. Демобилизациядан кейін, 1954 жылы Василий Григорьевич Атбасар қаласына көшіп келді. 1960 жылы жөндеу-механикалық зауыты жұмысқа арналасты. Ол жұмыс уақытын үнемдеуге, өндірілген бөлшектердің сапасын жақсартуға, оларды жөндеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа идеяларды сәтті енгізді. Мысалы, егер бұрын үш жұмысшы бір цилиндрдің басын бір сағат ішінде қалпына келтірсе, Василий Григорьевич әдісінің арқасында бір жұмысшы сол уақытта он есе көп қалпына келтірді. Василий Григорьевич форумдарға, кеңестерге қатысып, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдісі туралы айттып тәжірибесімен бөлісті Василий Григорьевич Мәскеуде бірнеше рет сөз сөйледі, Ереван, Львов, Рязаньда баяндамалар жасады. Ол туралы бүкіл одақтық теледидарда көрсетілген фильм түсірілді.

1976 жылы Василий Григорьевич КСРО Мемлекеттік сыйлығына үміткер ретінде ұсынылды, ал бір жылдан кейін 1977 жылы 6 наурызда Кремльдің Свердловск залында оған қатысушылардың қошеметімен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Ол Қазақстанда КСРО Мемлекеттік сыйлығының бірінші лауреаты атанды, ал оның лауреаттық дипломы Астана қаласының тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы.

Сол жылы Ұлы Октябрь социалистік революциясының 60 жылдығына арналған лайықты кездесудегі социалистік жарыстағы жетістіктері үшін Василий Григорьевич Целиноград облысының мерейтойлық Құрмет Кітабына енгізілді. КСРО ауылшаруашылық техникасының техникалық кеңесінің мүшесі, Бүкілодақтық рационализация және өнертабыс қоғамының мүшесі, ол өзінің еңбегімен, ізденімпаз ақылымен және шебер қолдарымен сөзсіз беделге ие болды, ал туған зауыты – жақсы даңққа ие болды.

Василий Григорьевич қоғамдық қызметпен айналысқан. Ерікті халық жасағы отрядында кезекшілік етті. Бес рет қалалық Кеңестің депутаты болып сайланды, қалалық халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің мүшесі болды. Депутаттық халықтық бақылау тобының төрағасы ретінде белсенді жұмыс істеді. Еңбек сіңірген демалыста ол тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы төрағасының орынбасары болды. Оның еңбекиіктері көптеген медальдармен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Василий Григорьевичтің Самокишин жеке қорының құрылуы тарих үшін өнеркәсіп қызметкерінің ең типтік ерекшеліктерін сақтау қажеттілігінен туындайды. 

И. Дворников «Атбасар қаласы мемлекеттік архиві» бас бухгалтері

Ауданның алтын қоры

Есімі мәңгілік жадымызда 

Соғыс – қашан да алапат ауыр қасірет. Өткен ғасырдың 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысы қантөгісі мен қатыгездік жағынан адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ең ірі қарулы қақтығыс еді.

Ұлы жеңістің мерекесіне орай, сол апат айқасқа оқ пен оттың ортасынан елге аман-есен оралып, одан кейінгі небір бейнеттің зейнетін күндерді көріп, бастан кешірген Молдабаев Кәрім атамызды еске алайық.

Атбасар қаласының мемлекеттік мұрағатында сақталған ардагердің жеке қорының құжаттарынан:

Молдабаев Кәрім Молдабайұлы 1913 жылы Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Покровка ауылында, Қызыл-Тан колхозында дүниеге келген. 6 сыныпты бітірген. 1936 жылы 10 қыркүйекте Атбасар аудандық әскери Комитетіне шақырылып, саптық қызметке жарамды деп танылып, 8-ші Гвардиялық Звинегород танк полкінде қызмет етті.

Фашистік Германия Кеңес Одағына жүктеген соғыс басталғаннан кейін, Кәрім Молдабайұлы барлық жолдастары сияқты майданға кетті.

1941 жылы 07 қазанда ол оң жамбастың оқ жарақатын алды. Осыған байланысты 1941 жылдың 16 қазанынан 1942 жылдың 05 ақпанына дейін емделді, содан кейін бөлімге кетті. 1943 жылы оң иығынан жеңіл жарақат алды. Солтүстік-Батыс Ленинград майданында, оңтүстік-батыс майданында, содан кейін 2-ші Украина майданында жорыққа қатысты.

Ерліқтін сипаттамасынан бірнеше жолдары: «1942 жылы 18 желтоқсанда неміс басқыншыларымен шайқас кезінде Лысянка хуторының аймағында Отанына, Коммунистік партияға адалдық танытты. Ол бірінші болып көтеріліп шабуылға қалған сарбаздарды өзімен бірге алып жүрді.

Жолдас Молдабаев жаудың атыс нүктесін — қол пулеметін – граната лақтыру арқылы жойды. Қол пулеметін басып алып, ол шегініп бара жатқан фашистерді атып тастады», «Неміс басқыншыларымен шайқасыңда 2-ші Украина майданында Молдабаев өзін батыл командир ретінде көрсетті.

13.02.44 жылы Кәрім Молдабайұлы, Жоғары Қолбасшылықтан Лысянка ауданында біздің танктердің орналасуы туралы бұйрық алды, олар Лысянка ауданына жау бөлімдерінің орналасқан жерінде барлауға шыққан. Молдабаев түнде 4 жауынгермен танктеріміздің орналасқан жері туралы біліп, қолбасшылыққа баяндады. Молдабаев Лысянка барлау ауданында 18 неміс солдатын тұтқындады және 8 неміс солдатын жойды».

Неміс басқыншыларымен соғыс аяқталғаннан кейін Кәрім Молдабайұлы Отанына оралды. Бір жылдан кейін ол отбасын құрды.1952 жылы Солтүстік Қазақстан облысы колхоздарының төрағаларын даярлау бойынша Петропавл ауыл шаруашылығы орта мектебінің бір жылдық курстарын тыңдады, содан кейін туған ауылында жұмысын жалғастырды.       

Кәрім Молдабайұлы 1986 жылы 08 сәуірде 73 жасында жүрек-өкпе жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Қызыл Маяк ауылында жерленген.

Молдабаев Кәрім Молдабайұлының жауынгерлік марапаттары:

1-дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» орденнімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ерлік үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20-жылдығы», мерейтойлық медалімен, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 25-жылы», «КСРО Қарулы Күштеріне 50-жыл», «КСРО Қарулы күштеріне 60-жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40-жылы» медалінің белгісіне куәліктер, және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Біз соғысты көрмеген ұрпақпыз. Аталарымыз өмір мен өлім бәсекеге түскен сын сағаттарында ерлік пен ержүректіліктің ерен үлгісін көрсетті. Ешқашан олардың батырлығын ұмытуға болмайды. Олардың ерлігіне бас иеміз.

«Атбасар қаласының мемлекеттік архиві» КММ архивіші К. Мыңжасарова

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.09.2023 16:31
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар қаласының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика